Жау – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Жау» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1456
Құрсаған жау
Ақ, көк, ала түменен,
Жер үстімен,
Аспанменен, суменен.
Гүрс-гүрс тажал,
Жаудырды ажал,
От боп ажар.
Көктен бомба,
Жерден — оқ, газ, уменен.
Ағылшын,
Юденич,
Поляк,
Каладин,
Кадет,
Эсер
Меньшевик
II Интерн
Анненков,
Ала Ту,
Жасыл, Ақ
Қалш — Құлш
Тақ Тақ
Ит
Тісі, — Сақ- Сақ Юд, Дут, КолЧак!..
Капитал мас —
Өзін мәңгі бұл қылмақ
Еңбек тапты,
Езіп-жаншып, құл қылмақ,
— Құлдықты жоқ
Қылмақшы боп,
Жасаса топ, —
Оқ жаудырып,
Көл қып қанын тұл қылмақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жау өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Жау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері