Мұнар сені көтереді көкке іліп – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Мұнар сені көтереді көкке іліп» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1020
Мұнар сені көтереді көкке іліп,
... Бөрі отырды бір жотада
Көкке ұлып.
Мына аязда ақтүтекті айдаған,
Несібесі таусылыпты – тоқтылық.
Тышқаннан да жұтаған-ау тобылғың,
Қысқалығы байқалады қолыңның.
Барақы иттің бағы зор-ау, ықта бір,
Басын мүжіп,
Жатқан шығар соғымның.
Тышқаншылап, күн кешетін күн бүгін,
Ұғынбайсың, қанап жатыр кімді кім?
Байқағанға елес кезіп жүр анық,
Қаңғалақтап, Азияның кіндігін.
Боран айдап, көкжал үнін жұтады,
Аяз қысып, сынды ағаштың бұтағы.
Бұрқ-сарқ еткен бағынбайтын дүлей күш,
Ойпаңдарды күртік қармен сықады.
Қашқан кезі қоғамымнан
Қоң, жайдың,
Әлі біраз боран ұлыр – болжаймын.
Айға шағар тағдырының татасын,
Көк бөрідей,
Көкке қарап қол жайдым.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұнар сені көтереді көкке іліп өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Мұнар сені көтереді көкке іліп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұнар сені көтереді көкке іліп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұнар сені көтереді көкке іліп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері