Бұл бетте «Ұйқым менің келмейді» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұйқым менің келмейді,
Арбасамын,
Тауға соғып басымды, жар басамын ...
Адымымды
Аштырмай қарыстырдың,
Маған деген, қу құдай, бар ма шамың?
Көп болды ма кесірлі күпірлігім?
Барымды ұрлап бойымнан бітірді күн.
Жазымышқа бағынып, мойынсұнып,
Сорым қайнап жүрмін ғой ...
Шүкір, бүгін ...
Бәрі менде секілді бейне міннің,
Көгермесін түсіндім көйлегімнің.
Қамшы басып, пенделік шыршуына,
Шартшұрт сынған мысаға кейде міндім.
Ұйқы менен қашады.
Көр – төсегім,
Қуанар ем дәл қазір өртесе кім ...
Толғандырған кеудемді
Аспаһани,
Жібермейді жабысса, дерт есебін.
Сар даланың төсінде сандаламын,
Қорықпас дерсің пәниде
Алладан кім?
Асқақ-асқақ сөз айттық –
Ашынғаннан,
Қаратаудай қайғыдан дал боламын.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі