Өлең, жыр, ақындар

Сыр сандық

  • 29.07.2022
  • 0
  • 9
  • 77937
(Досқа жазған хаттан)

Шырқ айналар шіркін тауық,
Жемің болса қолында,
Қайдағысы сені тауып,
Топырлайды жолында.
Досыңмын деп ант береді,
Жем іздеген жанама.
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос, санама.
Нағыз достар, бір-ақ қалып.
Шыңдап берік сүйіскен.
Бір-біріне сыр ақтарып,
Сыр түйінін түйіскен.
Әр адамның ішкі сыры,
Берік қойма сақталған.
Сол қойманың бір түкпірін,
Достың досы-ақ ақтарған.
Кейде ашуға сол түкпірді,
Іздейді жан жақынын.
Шертеді жан сырлы жырды,
Сырлас жанын шақырып.
Тыныс керек кейде жанға,
Кейде жанға ән керек.
Күй шертуге анда-санда,
Сырласарлық жан керек.
Ішкі сырды мысал етіп,
Біраз ғана жырлайын.
Суреттеуге тауға кетіп,
Суретті ептеп сырлайын.
Сарыарқаның бір тауы бар -
Бір тауы бар сымбатты. -
Сол таудан сен сыр тауып ал,
Сыр тауып ал, қымбаттым.
Қалың зеңгер, құзды шаттар,
Құзды шаттар қалың ну,
Сарқырайды мұз бұлақтар,
Мұз бұлақтар у да шу.
Нуда бір шың тіп-тік сұңғақ.
Тіп-тік сұңғақ бір биік.
Шың суретті бейне жұмбақ,
Тұрғандай көп сыр жиып.
Шынды айналған кұзды шаттар,
Құзды шаттар ақкан су,
Сылдырайды мұз бұлақтар,
Мұз бұлақтар у да шу.
Сөзім мысал, достым, тыңда,
Тыңда, достым, ойлап ал.
Түрлі сыр бар сол бір шыңда,
Сол бір шыңда қойма бар.
Қойма шыңның нақ басында,
Нақ басында кақпасы.
Алтын жазу кақ басында,
Қақпаның тас тақтасы.
Сол қоймада қымбат жасау,
Қымбат жасау сақталған.
Текшелеген сымдап жасап,
Сымдап жасап қақталған.
Бір сандық бар емес түрде,
Емес түрде көрнекті.
Бір түкпірде беті перде,
Беті перде өрнекті.
Бір сандық бар, ол сандықта,
Ол сандықта бір сандық.
Сырдың кілті қол сандықта,
Қол сандықта сыр
сандық.
Сандық іші
қызыл-жасыл,
Жасыл жібек перделі.
Толған қымбат сақтаулы асыл.
Асыл сым бар пернелі.
Сұлу жанды сұлу сүйген,
Сұлу сүйген сыршылым.
Жібек талдап түйін түйген,
Түйін түйген, түршілім.
Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қара жырласын!
Сұлу сымда перне әуені,
Перне әуені жыр айтар.
Көніл ашар тербеу әні,
Тербеу әні сыр айтар.
Шыққанбыз дос, шыңға талай,
Талай сырды ойланып,
Ақтарарлық алтын сарай,
Алтын сарай қойманы.

1926 жыл, 26 ақпан. (Экспресс)



Пікірлер (9)

Бейсек

Сәкен Сейфуллиннің Сыр сандық өлеңі ұнады

Али

Оте керекмет

9 а абаи

???? сандық

Аружан

Өте айқын әрі керемет

Ааааа

А

Миыржан

Асасасаумайкм мен ғо Миыржан доп ала берсек болама 6ға6 а жок 4ке4 ойнайн деп едкоо

Ермек

Өлеңді толық, әрі қатесіз жазыңыздар. "Досыңмын деп ат береді емес", "...ант береді.." осындай қате өте көп. Өлең "Шырқ айналар шіркін тауық.." деп басталады. Толық жазу керек әйтпесе қоя қою керек

Мен

Күшті

Зәуре

Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі — достық пен адамның ішкі жан-дүниесінің терең сырларын поэтикалық тілмен жеткізетін көркем туынды. Мұнда ақын адам арасындағы нағыз достықтың маңызын, жүрек түбінде сақталған сырлар мен адалдықты образдық түрде бейнелейді. «Сыр сандық» — әр адамның жанында құпия мен сезім бар, ал адал дос сол сырларды түсініп, бірге бөлісе алатын жан ғана деген ойды ақын нәзік әрі терең мағынамен береді. Осындай шығармалар қазақ поэзиясының адамгершілік, сенім және шынайылық сияқты құндылықтарын көрсете отырып, оқырманға жан-жақты ой салып, рухани байытатын әсер береді.

Пікір қалдырыңыз

Заман ағымы

  • 0
  • 0

Өткен күн ертедегі бейне сағым.
Замана құбылады, жоқтай «бағым».
Үдере, бұлдыр қағып, тынбай аққан
Зырлаған заман шіркін сияқты арын.

Толық

Қашқынның ауылы

  • 0
  • 0

Қараңғы түн.
Түн суық.
Ызғырық жел дауылы.
Таудың іші түнерген,

Толық

Біздің дәуір

  • 0
  • 1

Шабуыл біздің дәуір емес аяң,
Отарба алып ұшты, қалып маяң,
Жүйткіген тұрмыс қазір экспресс, —
Айтқандай менің досым ақын Аян...

Толық

Қарап көріңіз