Бір . . . . яш

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 31.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1363
(Келеке)

Қазаққа, татарға
«Таң» болып атарға,
«Т-р-р» ұштым, «тырыстым»
Кіруге қатарға.
Жақаңды жақтадым,
Ақаңды мақтадым.
Жүсіптен жасырып,
Сөз алдым асырып.
Абайдан абайлап,
Тоқайдан тоқайлап,
Сөз алдым білдіртпей,
Көп ойлап, «шоң» ойлап.
Онымды ақтадым,
Өздерін мақтадым.
Жай қарап жатпадым,
Сөзімді сатпадым.
Кітапша бастырдым,
Жан-жаққа шаштырдым.
«Алашқа»— алысқа,
Таяуда — танысқа.
Біреуді мақтасам,
Біреуді жақтасам,
Мені де мақтамақ,
Жанасып жақтамақ.

1916 жыл, қаңтар, Омбы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір . . . . яш өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Бір . . . . яш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бір . . . . яш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір . . . . яш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері