Күзетші иттер

Бұл бетте «Күзетші иттер» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.07.2022
  • 0
  • 0
  • 2543
Біздің ауыл жиналды
Қой сойып, ет жеп тоюға.
Жиналған соң кеңесті
Қотанға күзет қоюға.
Бірнеше ит әкеп қойысты
Қотанды аман сақтар деп.
«Бөріден гөрі игі ғой
Тамағын жеген ақтар» деп.
Түнделетіп Айтжа-екең
Қотанды жүрсе аралап,
Күзетші иттер қойыпты
Талай қойды жаралап!
Айқай салды Айтжа-екең
Оятуға ауылды.
Еркелейтін кешегі
Арсылдап иттер жабылды.
«Кет!» деп еді иттерге,
Иттерге ие табылды.
Жиналған жұрт Айтжанға —
«Алмашы дейді мазамды!»
«Не қылдың, бәлем, - деп иттер,
Берерміз дейді сазаңды!»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күзетші иттер өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Күзетші иттер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күзетші иттер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күзетші иттер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері