Өлген солдаттардың аналарына

Бұл бетте «Өлген солдаттардың аналарына» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1423
(аударма)

Өлген жоқ олар:
Үрыстың даласында,
Қантөгіс пен дауылдың арасында
кек тұнып көздерінде,
ойы жоқ өзге мүлде,
төгілген қандар үшін,
қапыда құрбан болған жандар үшін
салды олар қанды ұрысты,
күшінен жау да ығысты.
Айбынды бейнелері
тұр бүгін гүлге оранып,
денесін күнге малып.
Айналасы егінжай жайқалады,
Олар жайлы ұрпақ ән айтады әлі.
Қайғылы аналарым!
Сеніңдер өлгендерге,
Жауыздық төнген жерде
Әділет жеңісі үшін
жандарын пида қылды
боздақтар ар жолында,
Өмірін қиған ұлды.
Күні ертең дабыл үні
Рухымен солардың жаңғырады,
Тұншығады дұшпанның сандырағы.
Жатса да қанға оранып,
Отты қару түскен жоқ қолдарынан,
Ажалдың қорғанынан
ешқашан қорықпады,
кек алмай шегінбеді,
Дұшпанға берілмеді,
Өмірден сол ұққаны.
Аналар!
Көз жастарың оқ болсын
күндіз-түні жауларға атылатын,
жеңістерге шақыратын.
Үміт боп жүректерге,
күш болсын білектерге.
Мен білуші ем сендердің ұлдарыңды -
жігіттерді кіл жалынды.
Найзағай күлкілері
жаңғыртып түн түнегін,
Жалынды жүрекпенен
тотыққан күз желімен
нұр шашып жүздерінен.
Аналар!
Мен де бірге сендермен
Қайғыменен сенделгем,
Ұйқы қашып, ой қажап,
Торын жайып қойды азап.
Бірақ сенем:
бұл қайғының артынан
көз жасынан сейіледі бар тұман —
күн шығады, нұрлы сәуле тарайды.
Біздің арман осы еді ғой талайғы.
Сонда өлілер Жерден тұрар күшке еніп,
Жұдырығын түйген күйі тістеніп,
Нұр сәулеге күлімсіреп қарайды.

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлген солдаттардың аналарына өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Өлген солдаттардың аналарына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлген солдаттардың аналарына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлген солдаттардың аналарына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері