Бұл бетте «Тал кестім» атты Мұзафар Әлімбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тал кестім, алайын деп таяқ жонып,
Таяқ тал себі тиер, аяқ болып.
Ойдың бір үзігіндей әлгі таяқ,
Аршыдым, күрең түске алдым бояп.
Өмірім, өксітпесін зая кетіп,
Келемін кемел ойды таяқ етіп.
Бастай алмай дағдарсаң өмір кешін,
Астан-кестен бұзылса көңіп қошың.
Аямайды ақылын осындайда
Тірі досың түгілі, өлі досың.
Қиналғанда досыңнан, ақыл сұра,
Жан досыңнан кімің бар жақын, сірә?!
Өзім білем дейтіндер опық жегіш,
Өзің қалай - шындыққа жақынсың ба?!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі