Өзімізше шетімізден дейміз-ау – Мұзафар Әлімбаев

Бұл бетте «Өзімізше шетімізден дейміз-ау» атты Мұзафар Әлімбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.12.2015
  • 1
  • 1
  • 5940
Өзімізше шетімізден дейміз-ау,
Тұлғамызға теңеседі қандай құз?!
"Бала" десе, "шала шығар..." дейміз-ау,
Демесек те, ішімізден ойлаймыз.
Райхан гүлді өзім теріп қырларда,
Шалқар көлде шомылғандай сезіндім.
Жаңа бидай сапырғандай қырманда...
Көріністер көріп жүрген кезім мың!
Қойсайшы бұл әдет деген пәлені:
Мініңді іздеп, мен де әуре болыппын.
Әдеміні деу керек қой әдемі,
Көріктіні деу керек қой көрікті!
Өзімізше шетімізден дейміз-ау,
Тұлғамызға теңеседі қандай құз?!
"Бала" десе, "шала шығар..." дейміз-ау,
Демесек те, ішімізден ойлаймыз.
Жақсылығын ең алдымен көре біл,
Жамандығын ең алдымен іздеме.
Ізгілік қой адамдарға керегі,
Өзің де ойла: қалдырасың бізге не?


Пікірлер (1)

Аичп

Керім

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзімізше шетімізден дейміз-ау өлеңінің авторы кім?

Мұзафар Әлімбаев — осы өлеңнің авторы.

Өзімізше шетімізден дейміз-ау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзімізше шетімізден дейміз-ау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұзафар Әлімбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзімізше шетімізден дейміз-ау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері