Қайғылы хабар

Бұл бетте «Қайғылы хабар» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1653
Ойпыр-ай! Жайша соққан бұ не хабар?!
Дүниеден Ленин кетті...
қайтпас сапар.
Селк етіп еңбекші тап күңіреніп,
Моншақтап ыстық жасы бір-бір тамар.
Аспаннан жай соққандай тән мен жанды,
Егіліп көздің жасы бір-бір тамды.
Жүрекке дәл қадалып суық найза,
Кек қайнап көкіректі жалын шалды.
Жыламас бұған адам тастығынан.
Қамықпас қара жылан қастығынан.
Ұран сап зор майданда ту ұстаған,
Айрылды еңбекші тап бастығынан.
Қуанба, қара жылан, сырттан шолған!
Ленинге ұзақ жолда серік болған
Қадырмен жол бастайтын азамат кеп,
Құлатпай қызыл туды күшті қолдан.
Еңбекші ел жер-дүниемен жалпы күйген —
Болды ма ер, айтшы тарих, мұндай сүйген?
Қолымен жүрегінің отын басып,
Тағзым қып өлігіне басын иген.
Уа дүние! Болмап еді мұндай ерін,
Мезгілсіз жұтты мұны қара жерің.
Қол созған жалпы адамзат бақытына
Жылады жетім қалып, еңбекші елің!
Кек-қайрат көкірекке қайнап толған,
Тайдырмас үлкен аға салған жолдан.
Лениннің тігіп кеткен қызыл туын
Ешбір жау құлата алмас біздің қолдан.

1924 жыл, 22-қаңтар, Москва


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайғылы хабар өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Қайғылы хабар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайғылы хабар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайғылы хабар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері