Сәкен Иманасов – Жүрсін Ерман

Бұл бетте «Сәкен Иманасов» атты Жүрсін Ерман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1046
Айтар едім ұқсам айқын –
Есімдерін құт санайтын
Сәкендердің не сыры бар
Ешкімге де ұқсамайтын.
Өмір өрге бастаса екен,
Қабақты мұң баспаса екен.
Сызданасың сыртыңменен,
Жоқ секілді басқа Сәкен.
Жылдарменен жарысқандай,
Кеңеюде қарыс маңдай.
Ызаланған кездерінде,
Арылдайсың арыстандай.
Одырайған орыс ағам,
Келбетіңнен дәріс алам.
Жақтырмайсың жан баласын –
Қарыздардай бәрі саған.
Бір киетін киімдейсің,
Түнерсең де түйілмейсің.
Сынар жерде – сынасың да,
Илікпейсің, иілмейсің!
Не ішпейсің, не шекпейсің,
Дарынсызды дос етпейсің.
Қаламдастың қасиетін,
Тек өлеңмен есептейсің.
Ашылмаған әлемдейсің,
Айтылмаған сәлемдейсің.
Сәкендердің осал болып,
Тумайтынын дәлелдейсің.
Өлең, өлең, өлең, өлең дейсің,
Өлең өлсе – өлем дейсің.
Осал жерің – аппақ қыздар,
Аппақ көрсең елеңдейсің!
Жер шоласың, бұлт аласың,
Қаусыратын жыр табасың.
Өлең десе бурадай боп,
Буырқанып, бұрқанасың!
Кедейлердің дарқанысың,
Баймын деп қорқамысың?
Алакөлдің аш балығын
Шошытатын шортанысың.
Жүйткісе де қаламың көп,
Көңілінде алаңың көп.
Депутат та болып көрдің,
Керек болса – боламын деп!
Сүрлеу дейсің. Соқпақтайсың,
Аяр көрсең – аттатпайсың.
Ашуланған адамыңды,
Кітап жазып тоқпақтайсың!
От шашатын шақпақтайсың,
Сапарыңды тоқтатпайсың.
Барлық Сәкен атаулыны,
Жалғыз өзің жоқтатпайсың.
Шуылдақтар болды шулап,
Қонар ерге қонды шын бақ.
Сәкен жайлы бұл өлеңде,
Болмау керек соңғы шумақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәкен Иманасов өлеңінің авторы кім?

Жүрсін Ерман — осы өлеңнің авторы.

Сәкен Иманасов өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәкен Иманасов өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жүрсін Ерман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәкен Иманасов өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері