Өлең, жыр, ақындар

Емен ағашы мен тал шыбық

  • 10.08.2022
  • 0
  • 0
  • 3566
Бай болсаң, дәулетіңді көңіліңе алма,
Көршіге семіздік қып қысым салма,
Мықтылықты күшін, болса орнымен қыл,
Бәрін де беретұғын жалғыз алла.
Үлкен болсаң кішіні кемсінбей жүр,
Неге десең ие ғой о да жанға.
Емен менен шыбықтан сөз басталды,
Жақсылар, құлағың сап, кеңес тыңда.
Кей пенде айтып тұрған сөзін білмес,
Жақсының ғибратын көңіліне ілмес,
Бір шыбық бір еменмен бір жерде екен
Екеуі тұрды дағы құрды кеңес.
Басында әжептәуір әңгіме еді,
Аяғы шайтан түртіп болды егес.
Кітаптан көргеннен соң жаза салдым,
Қасында тыңдап тұрған біздер емес.
Емен айтты:— әй, шыбық, сезім тыңда,
Болсаң да тұрмайтұғын өзің құнға,
Титтей желге бұлғақтамай тұра алмайсың,
Сына ма деп қорқамын майысқанда.
Шымшық қонса басыңа, иілесің
Қылғандай жерге тәжім бүгілесің,
Шыбық көп бойыңда айта берсем,
Құлағын, сал сөзіме, не білесің.
Қараймын, сол уақытта аяймын бек,
Білсең де өз жайыңды тұрмайсың тек,
Дауыл болса, басын, барып жер соғады,
Қорқамын сол уақытта сына ма деп.
Сен енді есерленбей маған қара,
Көрген жан келмей кетпес тамашаға,
Желдетіп жаңбыр жауса өзі суық,
Адам түгіл аңға да болам пана.
Шілдеде ыстық болса төзе алмайтын,
Көлеңкем бір ауылға бұ да сая.
Шыдаймын күннің көзі көрінбейді,
Қара тауға таласады бойым жана.
Жел түгіл дауылға қайыспаймын,
Қарақұс қонса дағы майыспаймын,
Күйші түгіл дауылдан еш залал жоқ.
Міндеті әрбір істің жалғыз хақта.
Тәубе қыл ғаси сөзден өзің тоқта.
Үшеуі кеңес тамам қылмай тұрып,
Бір емдік солтүстіктен дауыл соқты,
Манағы мықтымсынып тұрған емен
Құлапты қопарылып түбіменен
Бұлғақтап олай-былай шыбық ағаш,
Қалыпты сол дауылдан аман-есен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Пәлеге ұшыраған қарашекпен

  • 0
  • 0

Жасынан кемшілікпен михнат шеккен
Үй болып түзіле алмай жүріп көптен.
Ақырында әжептәуір бай болыпты,
Бұрынғы ертеде бір қарашекпен.

Толық

Қасқыр менен тырна

  • 0
  • 0

Қасқырдың есітуге аты жаман,
Қайтадан қалыпқа енбес дәті жаман,
Түзеліп лауахазда кісі болмас,
Шыққаннан дүниеге болса надан.

Толық

Қарға

  • 0
  • 0

Жақсыдан ғибрат ал жай жүргенше,
Істеген ісін істеп шамаң, келсе.
Көңіліңді бұзықтыққа бір де бұрма,
Қашан бір әдеттеніп үйренгенше.

Толық

Қарап көріңіз