Біз осындай қазақ ек
Біз осындай қазақ ек, түйе баққан,
Шұбат ішіп, бойына кие дарытқан.
Тамырынан бойлайды текті халық,
Тектілікті таниды, сүйеді ақ таң!
Біз осындай қазақ ек жылқы баққан,
Мамыражай тірлікте жұрты жатқан.
Атқақтаған асауды тізгінге алып
Абылайлап, атойлап жауға шапқан.
Біз осындай Қажмұқан, Бауыржан ек,
Қорықпаған қан-құйын дауылдан ек.
Көршісі аш болса егер ас батпайтын
Бөлке нанын бөліп жеген бауырмал ек.
Керегесі дүйім жұртқа керілетін,
Дархандығы алыстан көрінетін.
Өзге үйден сұрамай су да ішпейтін,
Біреудің жеп кетпейтін тегін етін.
Біз осындай дархан ек, алып едік,
Қай жерде аңтарылып қалып едік.
Айтыс болып айтайын домбыра әкел,
Мол мұрамды жер-тарап таны келіп.
Қазақ ек бір-біріне қалқан болған,
Бірлігінен жау түңіліп, талқан болған.
Батырлары, ақындары, абыздары
Ақыл айтып отырар арқам болған.
Баласын дәретсіз емізбеген,
Тірлігін шариғатқа негіздеген.
Абайым бар абайлап қарамасаң,
Ақылым бар батасың, теңіз дер ем!
Қара қылды қақ жарған билері бар,
Шерткенде шежірелі күйлері бар,
Біз осындай халық ек, құшағы кең,
Қонақ келсе құт келді, сый деп ұғар.
Жиреншесі бар білем, Сырымдары,
Сырын білгің келе ме, жырын таны.
Сүбелі сөз сақталған қазынамын,
Бұндай елді көріпсің бұрын кәні?!
Біз осындай қазақ ек, көпті көрген,
Тарихым, талай азап шекті белден.
Түгендеп басыңнан кешкеніңді
Тәуелсіздік мінеки жетті келген!
Авторы: Акижанова Гульнур Серикбековна
Қайрат
Супер!
guka1988
Құрметті өнер сүйер қауым!
Бұл өлеңдеріммен осы сайтта байкауға қатысып жатырмын, өлеңдерім ұнап жатса пікір қалдыра отырыңыздаршы, бұл байқауда лайк, пікір, және қаралым санына қарайды екен.
Арман
Ең бастысы өлеңнің сапасы ғой
Onerkhan
Керемет! Өте мағыналы,маған ұнады????
Onerkhan
"Қате кетіп қалды !!!"
Сая
Әдемііі