Қомағай ит
Дүниеде не іс көрсең, еткіш сабыр,
Нашарға күштімін деп етпе жәбір,
«Менменде тәуба жүрмес» деген сөз бар,
Болашақ, еткен істі білер тағдыр.
Біреудің дәулеті мол құдай берген
Мал іздеп нашарлар көп елде жүрген.
Күншілік қып масқара болмаңыздар,
Біледі жамандығын оқып көрген.
Залымның зұлымының ақырын күт,
Құдайдың бергеніне қанағат ет,
Әуре боп судан көрген көлеңкесіне,
Болыпты өзі ұятты қомағай ит.
Қарны ашып қомағай ит аңға шыққан,
Жейін деп аулап алып болса тышқан,
Тамағын тойдырып ап қайтты аулына,
Тістеген аузындағы бір көртышқан.
Келеді көртышқан тістеп алып,
Үйренген жаман әдет қалмас қалып,
Көпірден су арқылы өте беріп,
Көреді көлеңкесін судағы анық.
Ойлайды анау итті қабайын деп,
Аузындағы тышқанын алайын деп,
Тышқанын су ішінде тартып алып,
Екеу қып үйге сонсоң барайын деп.
Шолп етіп секірді де кетті түсіп,
Ойламай іс ақырын надан күшік,
Ет түгіл өзі түсті әлекетке,
Бұ дағы бізге ғибрат ойлап білсек.
Тырмысты су ішінде жанға айла қып,
Уһ, деп демін алды әрең шығып,
Ол иттің көртышқанын алмақ түгіл,
Ағынмен өзінікі кетті ағып.
Пенде көп дүниеде ғафыл ойлы,
Теңейтін қара тауға қарша бойды.
Ғалымның әрбір түрлі пітнәсіне,
Жіберем тек отырып тереңге ойды.
Біреуді мысқылдайды кейбір адам,
Болса да байқамайды ісі жаман.
Әркімнің ғайбатына даяр тұрар,
Білінбей өзінікі одан жаман.
Айтамын ғибрат үшін мысал қылып,
Мәселен айна көрген бір маймылдан.
Формысын көрді маймыл айна ішінде,
Өзі де сұлу шіркін, зор пішінді,
Танымай, суретінен кетті шошып,
— Осындай бар ма ақмақ халық ішінде?
Қасында тұрған аюды шақырады,
Бұлғақтап күлген болып бақырады.
Жалынып ағеке деп болмаған соң,
Аю да ақырындап жақындады.
— Әй, достым, болады екен бұндай да жан
Қарашы неге ұқсайды анау надан,
Әр ісі істеп тұрған бұл секілді,
Форымы байқап тұрсам тіпті жаман.
Бұлғақтап қалай өзі қипаңдайды,
Нансаңыз әрбір ісі күлкі маған.
Осындай бізде дағы шариктер көп,
Берейін нанбасаңыз санап саған.
Қайғыдан қапа болып өлер едім,
Бір жерім болса ұқсас егер соған.
— Рас, жанып, ол,сурет жаман, білемін,
Түсініп сөзіңе, ішімнен мен күлемін,
Күнінде мыңын көрем дағы сондайдың,
Ешкімге айтпай өзім біліп жүремін.
Көп жүремін қалың тоғайды аралай,
Мен де көрем жүргендерін жағалай,
Михнаттан шаригіңді санама,
Ең әуелі өзіңе бір қарамай.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі