Бұл бетте «Мойындау» атты Мұзафар Әлімбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
"Аз ата" деп сөкпегін,
ағайыным көп менің...
Күйбеңдемес күні үшін
күрескердің бәрі де -
жастары да, кәрі де -
бәрі менің туысым.
"Аз ата" деп сөкпегін,
Ағайыным көп менің!
Ауа баспас пұл
үшін
Адалдардың бәрі де -
жастары да, кәрі де -
бәрі менің туысым.
"Аз ата" деп сөкпегін,
Ағайыным көп менің!
Ғарыштың да қуысын,
тарихтың да тынысын
оймен шарлап, сыр түйген
ғалымдар да туысым...
"Аз ата" деп сөкпегін,
ағайыным көп менің...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі