Өлең, жыр, ақындар

Сандуғаш және шымшық

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1025
Хат жаздым көтерілер көңіл хошы,
Жарамас әзілге де сөздің босы.
Ертеде бір кісінің болған екен
Шымшық әм сандуғашы — екі құсы.
Алдынан терезенің орын алып,
Ішінде клеткенің қапаланып,
Көңілін анда-санда ашады екен
Екеуі кезек-мезек әнге салып.
Сандуғаш сайрағанда жалғыз өзі,
Мың түрлі құйқылжытып жұмып көзді,
Кішкене бір баласы дамыл бермес,
Көрсет деп әкесіне осы құсты.
Әкесі құстың алып екеуін де,
Мазасын кетіргесін күнде-күнде,
Қолына берді дағы баласының
Қайсысы ұнайды деп көңіліңе.
— Қарағым қайсысы саған қымбат бұның,
Көрсетші көңіліңе ұнайтынын,
Береді баласына сандуғашты
Мынау деп көңіл ашып сайрайтұғын.
Баласы бұлбұл құсқа салмай көзің
Жаратпай әкесінің айтқан сөзің
Қолына capы шымшықты кетер алып,
Сандуғаш керек болса ал деп өзің.
— Әй тәте, осы құстың жүні жақсы,
Анадан сайраса артық, үні жақсы,
Секіріп қуанып ап кетті сөйтіп,
Бұлбұлды деді дағы әрі таста.
Бұл ғибрат екі құс пен бір баладан,
Сенбеген сұрай берсін кемді надан,
Үстіне қымбат киім киіп алып
Шымшықша көзге түсер жаман адам.
Наданға ақыл-білім киімде тұр,
Мақтайды кейбір адам сипатын құр,
Асылын танып білмей бағзы заттың
Бұл кезде көп адамдар алданып жүр.
Басында қадырын жоқ малың сыйлы,
Әрине соның үшін жаның сыйлы,
Әйтпесе кімге сенің керегің бар,
Құр алтын жатқанменен дорба ішінде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арыстан мен сары масалар

  • 0
  • 0

Нашарға күлмеңіздер күші жоқ деп,
Кемдікке қалдырмаңыз не қылады деп,
Жиылып өңшең жаман кейбір жерде,
Алатын сыбағасын басып көптеп.

Толық

Үш жігіт пен бір шал

  • 0
  • 0

Жазамын тәржімәні ермек қылып,
Жұмыс жоқ еріккен соң жәй отырып,
Орнатып алма ағашын жатқан шалға,
Үш жігіт келді дағы тұрды күліп.

Толық

Маймыл

  • 0
  • 0

Өз біліміңше іс істе келсе шамаң,
Тырысып біткенінше қойып табан.
Құр бекер біреу пәлен етіпті деп,
Маймылша еліктеуін, тіпті жаман.

Толық

Қарап көріңіз