Жетімнің өлеңі

Бұл бетте «Жетімнің өлеңі» атты Спандияр Көбеев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 2980
Жетімнің күні құрсын жастай қалған,
Әкесін шешесімен құдай алған.
Күтетін өз баласындай жақын қайда?
Деген сөз осы емес пе дүние жалған.
Бетіңмен іс етуге ақылың кем
Бой өсіп, жас жетпеген білмейсің жөн.
Мал, басың ағайынның талауында
Алдамшы осы емес пе дүние деген?
Көзіңнен жас ағады қан аралас,
Биліктен мал түгіл, шығып тұр бас;
Сұраусыз малың да—құрық, басыңда—сырық,
Қыр аңы арыстан қабылан мұндай болмас.
Сау басың, дауда болар өскеніңше,
Күш кетіп ә десе мә дескеніңше
Ағайынның тәлкегінде иттей болған
Жетімдер толып жатыр әлденеше.
Шөлдесең сусын болар көлдер қайда,
Қарын ашса тамақ болар жерлер қайда?
Қаңғырып жүдеп-жадап жүргеніңде
Сипайтын маңдайыңнан ерлер қайда?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жетімнің өлеңі өлеңінің авторы кім?

Спандияр Көбеев — осы өлеңнің авторы.

Жетімнің өлеңі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жетімнің өлеңі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Спандияр Көбеев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жетімнің өлеңі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері