Туыс тілек – Мұзафар Әлімбаев

Бұл бетте «Туыс тілек» атты Мұзафар Әлімбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.12.2015
  • 0
  • 0
  • 8369
Білетін сыйлата да, сыйласа да
Ақжарқын жақсы жеңге, қимас аға!
Армандай күттік қанша осы күнді,
Күтті оны бізбен бірге бұл босаға!
Қуаныш қорыққанмен шыны бірдей:
Жүрдік пе шын қуаныш сырын білмей?!
"Тіфа!" деп айтайыншы, кез тимесін,
Қарашы келін гүлдей, ұлың дүрдей.
Мүбәрәк көп тілеуін қайталайын,
Тағдыры ұзағынан сүйіндіргей.
Екі жас бақыт құшсын ғұмыр бойы
Тап осы той күнгідей, бүгінгідей.
"Келіннің,- депті қазақ,- аяғынан",
Бұ сөзге нанады қарт, нанады ұлан.
Бір әзіл қосқым келді өлеңіме:
Әзілде оғаштық жоқ баяғыдан!
Қозыдай төгіп берсін көктемдегі
Келіннің ұл сорғалап балағынан.
Жаңылсын ғазиз ата, ардақ әже
Немере, шөберенің санағынан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туыс тілек өлеңінің авторы кім?

Мұзафар Әлімбаев — осы өлеңнің авторы.

Туыс тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туыс тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұзафар Әлімбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туыс тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері