Келіпті ғой 55 те – Гульнази Назарова

Бұл бетте «Келіпті ғой 55 те» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ертең менің туылған күнім,
Дайынба елге берер есебім.
Келіпті ғой екі бесте ,оу, ағайын,
Еске салар өткен күнді іздерім.

Не бітірдім, неге жеттім?
Ойланатын осы кездерім.
Артыма көз жіберемін қарап,
Елім деп еңіреген ұл - қыздың,
қатарынанмын дер едім.

Білместікпен жасадым көп қателік,
Қайдан келген сол кезде батылдық.
Жастық жалын, қайнаған бойда қызу қан,
Істеппін көп істерді ойланбастан.

Айтамын әлі бар істерім атқаратын,
Алға көп қой қойған мақсаттарым.
Бағындыру асау армандарды,
Болсам деймін ақ жүзді , абыройлы.

Міне енді ойланатын жасқа жеттім,
Артымнан немере мен бала ерттім.
Өмірдің өзі қызық осысымен,
Аллаға шүкіршілік мен еттім.

Тәуба деймін осы күніме мен,
Барлық мадақ Аллаға дер ем.
Қазақтың жері мен елін маған бұйыртып,
Осындай тағдырды нәсіп еткен.

Ризамын жазылған пешенеге,
Шыр етіп бұл дүниеге келгеніме.
Денсаулық, ұзақ өмір тілеп,
Жетсем деймін сексеннің бесеуіне.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келіпті ғой 55 те өлеңінің авторы кім?

Гульнази Назарова — осы өлеңнің авторы.

Келіпті ғой 55 те өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келіпті ғой 55 те өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гульнази Назарова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келіпті ғой 55 те өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар