Мамыр – Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Бұл бетте «Мамыр» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.09.2022
  • 0
  • 0
  • 1228
Май сағымды маңғаз Тау үріп ішкен,
Өлөң аға жөнелер тіліңізден!..
Қаз дауысы аңқыған қоңыр желге
қазанақтың, қайыңның бүрі піскен.
Дәрменің жоқ Ойыңнан жаңылмасқа,
Тау тыңдаған саз басқа, сарын басқа.
Шегірткенің інжулі шырылынан
моншақ теріп алар ма ед қарындасқа!..
Көкіректің маздатып қарашығын,
қос көбелек зиреге таласуын!
Төңірекке төгілген төл үніне
төсеп отыр тұмсығын бала суыр.
Жанарынан танылған апрелі,
еркелеп жүр маған бір кекіл еріп.
Көкжиектен тырналар тыраулайды…
Марал – Көктем жатқан ол, мекіреніп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мамыр өлеңінің авторы кім?

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — осы өлеңнің авторы.

Мамыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мамыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мамыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері