Қоштасу – Мұрат Шаймаран

Бұл бетте «Қоштасу» атты Мұрат Шаймаран жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.09.2022
  • 0
  • 0
  • 1215
Маңдайыңа қолым бастым, сұп-суық…
Мола жақтың жолын бастым, сұп-суық…
Мен өзіңді іздеп қайта тапқанша,
Сағыныштан арылмаспын сұп-суық.

Мұнарланған айды көрдім, сұп-суық…
Тұманданған ойды көрдім, сұп-суық…
Еркесімін деп жүргенде Тәңірдің,
Тәні мұздай қайғы көрдім сұп-суық.

Асқақ біткен, оқшау өнген өмірден,
Жел мүжіген жалғыз жартас едім мен.
Өзің жайлы жазылатын көп өлең,
Енді менің көз жасыма көмілген.

Табытыңа боздап ерген балаңмын,
Қыр басынан тым қартайып оралдым…
Мен пәниді сүюші едім сен барда,
Бақиды да жат көрмейтін боп алдым.

Қар да түсті қабіріңе, сұп-суық…
Көктем келер тағы бүрлеп… сұп-суық…
Бір бұрқ етіп көзімдегі сөнді күн,
Бұл ғаламның жаны мүлде сұп-суық…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоштасу өлеңінің авторы кім?

Мұрат Шаймаран — осы өлеңнің авторы.

Қоштасу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоштасу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұрат Шаймаран өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоштасу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері