Олар дым – Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Бұл бетте «Олар дым» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.09.2022
  • 0
  • 0
  • 1508
олар дым...

Өзім де елге көптен бері көсемсуді
доғардым. Сен туралы Оймен ғана
өлшенеді әр адым. Кемпірқосақ-үмітімді
жүрегіме орадым. Құштар еттің...

Шыдай алмай, саған талай мұң
шақтым. Бір жауап жоқ!

... омыртқаны сорып өлер құрсақпын...

Мен саусақпын – қасақана Жын жүйкесін
шертетін... Жүрегімді иіскелейді қызылқұйрық
бөрте Түн...

Ал, атар Таң – қаны тамған сапысындай қасаптың!..


...Күдігімнің уысынан күрең Сөзді
босаттым! Күрең Сөзді босаттым да...

жауап күттім мен елден.

Бұл – бір мінез, жанталасқан, сабыр оты
сөнерде... Өзіңнен де жауап күттім...

далбасалық – түрім, шын.

Хаттарыңды өртемекпін... қара көңлім
жылынсын. Бәлкім, сен де жат шығарсың?..

Қойдым онда, доғардым...


Бәрі маған ақыл
айтқыш. Түсінбейді
олар дым...


Маған орман секілді көңіл қалың.

Сол орманнан жол таппай аңырғалы...


Хат жазуды қойып ең, сағынғаным, қандай
жақсы телефон-нөмір... барың! Міне, міне,
қоңырау шалып тұрсың! Көкейіңде


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Олар дым өлеңінің авторы кім?

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — осы өлеңнің авторы.

Олар дым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Олар дым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Олар дым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері