Нендейлік қалып тұр зіл? – Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Бұл бетте «Нендейлік қалып тұр зіл?» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.09.2022
  • 0
  • 0
  • 895
нендейлік қалып тұр зіл?.. Парық –
тылсым...

Дауысың талықтырсын:


– Амансың ба!.. қайдасың?.. Ал,
ұқтыршы!..

Біздің хал ма?.. әзірше қол да босап... Өзің
қалай... күн жылы?.. Ол – тамаша! (Сен де
менен бір хабар тосқансың-ау, мендік сезім
сөйдейді, алдамаса...) Денсаулық па?..

Кей-кейде Жан ауырып...

Ал, былайша – қайнаулы самауырын...
Семей қалай?.. солай де!.. Ертіс аман...
Бізді қойшы, баяғы – Қарауылың...
Көкіректе – күй-Дала, өлөң-көше... Хат
болар деп күткен ем сенен кеше. Бәрі
жақсы дейсің бе?.. дұрыс, дұрыс... Келем
деген сөзіңді бер, ендеше!.. (Күлкі менен
күдік те жүре ме бір? Өмір-бақи көңілде
түнемегір!

Қызғылт үміт ішінде – көкшіл арман,
көкшіл арман ішінде – күрең Өмір!..)
Қалай, қалай?.. ағаң ба?.. жұмысында!..
Дейді бізге: «тезірек ұғысыңдар!»... Алло-
оу!

Алло-ау!..

Алла-ау, жауап бер, жалындырма, Жаным
менің тұр қазір сым ұшында!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нендейлік қалып тұр зіл? өлеңінің авторы кім?

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — осы өлеңнің авторы.

Нендейлік қалып тұр зіл? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нендейлік қалып тұр зіл? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нендейлік қалып тұр зіл? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері