Өлең, жыр, ақындар

Құдайды сүю көп оңай

Түн-есерді білмейтін,
Арлы момын әйелден,
Қарумен жан емізген,
Отанымды сүю көп оңай.

Сөзіме құлақ түрмейтін,
Етегі қысқа әйелден,
Қаламмен ой күйдірген,
Өлеңімді сүю көп оңай.

Үй тірлігіне көнбейтін,
Күн көрмейтін әйелден,
Жылы лебін үрлеген,
Допты сүю көп оңай.

Көп өсекке ермейтін,
Түн көрмейтін әйелден,
Тұл бойымды еріткен,
Қиялымды сүю көп оңай.

Ертегі жазам сенесің бе,
Сан алуан қиялдан туған.
Ұрысып айтам ересің бе,
Кіршіксіз арманым қуған.
Үйіме кел де, қайт оңай,
Жоқ, тағы жаңылыстық.
Көп әйелден ып-ыстық,
Құдайды сүю көп оңай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер