Өлең, жыр, ақындар

Тыңдадың ба пақырды?

Өлеңдерім түрлі мәнде астасады,
Махаббат, арман, тақырып сан алуан,
Барлығы бір шумақта бас қосады,
Күш сынасып үздігі деп қай палуан.
«Бақытты отбасы құру, қызмет ету»,
— дейді шат күліп отырған төрдегі Арман.
Жалғай келе сөз басын ол-дағы: —
«Бұл дүниеде кезіккеннің көбі жалған.
Дос-жараң, құрбы-жолдас, көше бауыр,
Әккілер уақытыңды сенен ұрлап алған».
Қапаланып Арманның бұл сөзіне,
Ойға алды жаратып жаңа көруге,
Мақсаттың бұнысы несі делік пе,
Асықпады ол қонақтың сөзін бөлуге.
«Дұшпандық етпе досыңды» болған шарты,
Ақпейіл Жүрек тым солғырт тұнжырады,
Сәл кідіріп Арманнан кейін сөз алды: —
«Ағайын, мейіріммен адам құлпырады.
Қызметіңде өскенің,
Қатыныңмен көшкенің,
Шетелді кезіп көргенің,
Абыройыңды төккенің,
Туыңды шетке тепкенің.
Ағайынның жібін кескенің,
Қалтасын қағып тескенің,
Сынағың боп бұл сенің,
Қақпанға барып түскенің.
Ата-анаңнан безгенің,
Қарттар үйіне бергенің,
Жылатып қабыл тілегін,
Имансыз көрге көмгенің.
Йа Әл Кәрім,
Йа Раббым, хидаят бергің»
— деген Жүрек сөзін тәмамдады.
Түсіріп төмен жанарын,
Арманның көңілі боздады.
Жиналғандар құлазып,
Болмайтын іске арланды.
Мақсат ғана мақұлдап,
Басын изеп қолдады:
«Уа халайық,
Қаныңда бар өр кеуде,
Өлгенін жаның сезбей ме?
Беліңдегі сым арқан,
Белдік пе әлде белбеу ме?
Айналдырған сөз жалаң,
Жігіттің рухын езбей ме?
Әккілер ойы тым арам,
Тілімен қылыш сермеуде.
Бауырың емес көп жалған,
Үйіңнен қашып кетсең де.
Сатпайды сені дос-жараң,
Отаныңнан безсең де.
Өз ұртын андыған,
Ортақ түйін іздесе.
Болмас жаман,
Өзегінен өткізсе.
Сөзің де, ісің де болмақ адалынан,
Мән беріп үңілсең білімге терең.
Дүние көпке тікенек сұққан бір жем,
Оқығанын тоқи алмас ойы керең».
« — Қорқамын», — деді Қорқыныш:
« — Қорқамын көптің тағдырына,
Ұшыраған ананың қарғысына,
«Тұқымы өшкір» һәр баланың
Рақметі өшті атасының арғысына.
Қорқамын көптің тағдырына,
Ұран етіп бағынған жарғысына,
Қара иттей қапқаны аласына,
Бейқам етті елге рия намазына.
Қорқамын көптің тағдырына,
Құран ілім оқылмақ әркімге дара.
Әуелден үгіт емес барлығына,
Сонымен ерекшелеп қылған дара.
Қорықпай адам кім болмақ,
Білімсіз жан қайда бармақ,
Қорқу мен білімсіздік қосылса,
Қорқау, сатқын, надан болмақ»
Өзімшіл нұсқап жоғары:
«Құдайдан қорық Қорқыныш,
Олжа толы дорбаңа
Бір күні тиер сол қылыш».
Қамшысын жерге тастады,
Данагөй Ақыл сарылды:
— «Арман, дәулет қуамын деп,
Мақсатынан жаңылды.
Асыл тәжді киемін деп,
Ар-ұятынан қағылды.
Арманды біз, тергейміз деп,
Қорқуға айып тағылды!
Дүние деген, жем деген,
Тыңдадың ба пақырды?
Жөнін айтты Қорқыныш,
Қатар білім көп керек.
Нәпсің еге, дүниеге көп зерек
Болғаннан соң тым сирек».



Пікірлер (1)

Ағман

Мықты жазылған!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз