Басқадан менің мұңым басымырақ
- 0
- 0
Басқадан менің мұңым басымырақ,
Басқадан менің жырым асылырақ.
Естіртіп өз үйімді кетсем деймін
Халқымның ойдан-қырдан басын құрап.
Бұл бетте «Қалған көңіл жібімейді- ау» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Басқадан менің мұңым басымырақ,
Басқадан менің жырым асылырақ.
Естіртіп өз үйімді кетсем деймін
Халқымның ойдан-қырдан басын құрап.
Қабағына мұз қатқан
Қарайды тау түнеріп.
Хабар болмай біз жақтан,
Көзіне жас тіреліп.
Ұялаған кеудемнің түбіне мұң,
Қорықпаймын келсе де бүгін өлім.
Шүберекке түйіп ап қу жанымды,
Шындық үшін шырқырап жүгіремін.
Айықтырмай тұманын,
Не боп кетті мына күн?!
Көбейгендей келеңсіз
Көңілдегі күмәнім.
Қилы заман – қым-қуыт
Азап-бейнет тым жуық.
Қапаланған көңілді
Мазалайды мың күдік.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі