Қилы заман – қым-қуыт – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Қилы заман – қым-қуыт» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1024
Қилы заман – қым-қуыт
Азап-бейнет тым жуық.
Қапаланған көңілді
Мазалайды мың күдік.
Жүргенің де белгісіз
Кімді тыңдап, кімді ұғып?!
Мұхит – мұңның түбіне
Мың қайтара сүңгідік.
Көрмегендер көбейді
Шөптің басын сындырып...
Жүрегіңді мұз қылып,
Жігеріңді құм қылып.
Тас-талқан бөп сөйлейміз
Тастағандай тындырып.
Дала тәні жаралы,
Жанталасып бағады,
Жаны шықпай шыңғырып...
Ашынып
тұр қалың ел,
Ашық күннің астында
Аш өзегі бұрлығып!
Азынаған ерлерім,
Аза тұтып жылайды,
Азу тісін жұлдырып.
...Сақ-сақ күліп Уақыт тұр,
Сау адамды жынды ғып!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері