Анау бөлмеде. 1-бөлім.
Қоңыраулы есікті,
Тарс-тарс ұрды біреу.
Ойлап қалсақ не есі,
Дұрыс емес кем біреу.
Бір кезде ас үйден,
Әйелдің шықты үні:
“— Қымбаттым,
Барып көрші кім келді”.
Үстіңгі екінші қабаттан,
Балалар жатқан бөлмеден,
Жүгіріп түстім тұрпайы,
Киіп алып шәркемді,
Сөреде тұрған ұдайы:
“— Кім екен деп асығып,
Түнделетіп келген бұл”.
— дегенімде әйелім,
Жауап қатты аһ ұрып:
“— Пицца шығар, қымбаттым,
Кешкісін берген тапсырыс.
Ұмытып кеткен екенмін,
Ас үйде жүріп қапылыс”.
— деп, бәліштің дәмін көреді,
Ақкөңіл, жаны жұмсақ әйелі,
Күйеуіне мырс-мырс күледі,
Апыл-ғапыл жұмсағандай тәйірі.
Есік ашылып қалғанда,
Салқын самал жел үрген,
Пицца ұстаған қолында,
Жап-жас жігіт телмірген.
Қызарып мұрны үсігіп,
“—Сәлеметсіз бе" — деді ол.
Суық желге түршігіп,
Мен тұрдым сәл күтіп.
Жымиып қарады маған,
Ағайынымдай аңсаған,
Пиццаңды бер де кетсейші,
Ішімнен айтып таңданам.
Қолын созып ұсынып:
“— Қайырлы кеш, ағатай,
Мына жерге қол қойып,
Растап қана азғантай.
Жақсы сізге, рақмет аға,
Қолыңыз бір балғадай,
Аманшылықта жүздесіп,
Үйіңіз толсын жанға бай”.
— деп пиццаны бере салды,
Жаяу ары қарай кете барды,
Қорапты аштым күдікпен,
Ішіне деп оған не салды?!
Пицца екен деп хошландым,
Көңілім орнап жайландым.
Есікті жауып жан-жарыма
Қабағымды түйіп қатландым:
“— Заказ беріп кешқұрым,
Қауіп келсе түн құрып,
Ақылың қайда жаным-ау",
— дедім аздау сөз қылып.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі