Өлең, жыр, ақындар

Еліңмен қарышта жастарым

Біз қазақпыз ұлы дала еліміз,
Таусылмаған Қаныш тапқан кеніміз.
Қазағым деп жанын қиған еріміз,
Ешкімменен тең келмейді теңіміз.

Мақтан болған кең-байтақ жеріміз,
Елін сүйген жыршы жырау серіміз.
Сыйлағанға сыйлап болар төріміз,
Сыйламасаң қыршып түсер бөріміз.

Ниетіне берер дейді Құдайым,
Бізде бәрі баршылық ылайым.
Алтын адам,бәрі бізден табылған,
Әлемде жоқ астығым да мұнайым.

Біз биікпіз бәрінен де дарамыз,
Тек қана алға жылжып барамыз.
Білімменен оянған санамыз,
Абайдай дана болған бабамыз.

Арғымақты көлік еткен қадірлеп,
Қазақ қалай талай сында мүдірмек.
Сақтардың ұрпағымыз ежелгі.
Тарихын жаттап айтар күмбірлеп.


Тарихымен ұлы Римде дамыған,
Мақтанады Италия қашаннан.
Дара жолмен қазаққа дарыған,
Тау мен таста тарихымыз қашалған.

Масағына тағып, байлап қауырсын,
Металменен ұштап жебе шаң ұшшын.
Деп бабам ойлап тапқан қылышты ,
Сияқтанып атты әскерлі таңғы шың.

Көшпенділер жаңалығы атанған,
Сауытта бабам біліп, қаланған.
Мирас болған жаугершілік заманнан,
Жебе тимес киім болып саналған.

Мақтанамын ата-баба салтымен,
Қазағым текті туған алтын ел.
Асып түсер әлемнен ойым жоқ,
Тарихты білсең елім даңқың өр.

Өтті талай кезең біздің бастанда,
Қазағым қалды аман аштанда.
Бір тілім нанды бөліп жеседе,
Тарихымнан жойылмады қашанда.

Білім-ғылым ошағындай Отырар,
Руханятқа жүрегіңді толтырар.
Әль-Фараби туған қалам мақтаныш,
Әлемде мәртебемді арттырар.

Жеті жарғы тарихымды танытқан,
Кезіміз жоқ білімнен бір тарыққан.
Түркінің мақтанышы болатын,
Мен боламын қазақ деген халықтан.

Әлемге саудаменен есік ашқан,
Қазағымның жүріп өткен көші дастан.
Ұлы Жібек жолыменен өтетін,
Куә ғой еліме, ұлы аспан.

Есік болған Таяу Шығыс еліне,
Үңіле біл ұрпағым тегіңе.
Еуропа мен Азияның кіндігі,
Отаным ризамын жеріме.

Ежелден дамыған өркендеп,
Алашым алға қарай көркеймек.
Тарихқа алтын жазу әріппен,
Атыңды жазам мәңгі көркемдеп.

Қиырына көз жетпес даламның,
Жолында құрбан болған анамның.
Қаны мен жасына қарызбын,
Ұрпағым деп өмір қиған бабамның.

Ұмытпасын өткенін ұрпағым,
Сонда ғана биік ұшар сұңқарым.
Тарихсыз болашақ жоқтығын.
Жеткізген елбасы Сұлтаным.

Қорқыт бабам жырлап өткен қобызды,
Жылдар салып жеткен сонау аңызды.
Ұмыттырмау міндет маған, сағанда.
Мұрасындай сақтап елдің мол ізгі.

Күмбірлеген үнің сенің домбырам,
Келешекке мирас болар мол мұрам.
Құдіретің шексіз ғой үніңмен.
Баласының хәлін білген Жошы хан.

Сеніменен жандамын,жаңғырам,
Ұлы дала сарындарын ән қылам.
Естелік қып өсіремін,өшірмей,
Келешекке аманат қып қалдырам.

Түріктің Көсемін танытқан,
Көк жәшікке ризамыз халықтан.
Абылайдай ханымды әлемге,
Арманымыз болмас еді танытсақ.

Қазақтың тектілігін өзгелер,
Таңғала мойындар кез келер.
Сабалақ деп аталып Абылай,
Кім ойлаған хан болад деп өзгерер.

Абылай деп ұрандаған ханымды,
Соғыста берілмеген жалынды.
Батырларын көргенде қазақтың,
Текті деп мойындайды қанымды.

Өткен мен бүгінді жалғаған,
Елбасы қаламы талмаған.
Тарих пен заманды дамытып,
Ел етші жастарым самғаған.

Техника дамыған заманда,
Жүрек керек елім дер адамға.
Сол жүрекпен еліңді сүйе біл.
Танытып ,
Тіліңмен,
Түбіңмен
Қазақты он сегіз мың ғаламға.

Мақтанады қазағым алмасымен,
Рухани жаңғыру жалғасымен.
Жеті қыры ұлы дала көшінің,
Тола берсін ғажайып арнасымен.

Ұлы дала елінің мерейлі,
Жеті қыры ашылып кеңейді.
Батысқа беймәлім сырларды,
Ұғынар жастарым көбейді.
Тарихта қалмасын жұмбақ боп,
Көрсетер кеңістік кеңейді.

Жұмыла көтерген жүгіміз,
Жеңілдеу болады біліңіз.
Қырандай қалықтап көгімде,
Барыстай болайық бәріміз.

Паш етіп қазақ атын әлемге,
Қазағым айбыныңды дәлелде.
Жетеді ұлан-ғасыр кең дала,
Бәрі де Ұлы далам, бар елде.

Алтай мен шартарапты қамтыған,
Айналдым қазақтай халқымнан.
Кең дала төсінде шалқыған,
Қазағым арың артық алтыннан.

Ұлпан Тажибаева
Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті
Тел: 8-707-778-92-83
8-701-156-91-48
8-700-156-91-48

























Пікірлер (2)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Мадина MADRID

ӨТЕ КЕРЕМЕТ!СУПЕР!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз