Анау бөлмеде. 4-бөлім.
Жан-жарыма бұл жайлы,
Жақ ашпауды ұйғардым.
Естіп қалса бұндайды,
Бәрібір мені тыңдар кім.
Тортымды ұстап ыңғайлы,
Төріне келдім ас үйдің.
Қызымның жүзі мұң-қайғы,
Түрін салған ренжудің.
"— Қанекей неге ұқсайды?
Сәт үшін болған үрудің".
— дедім де көрдім көңілдің,
Бұзылған түсін бәрінің.
Тортымды қойып үстелге,
Түсінгендей кінәмнің.
"— Хабарласты осы кезде,
Сені сұрады қымбаттым.
Жарайды деп мен лезде,
Кейін деп қана үн қаттым."
— деген әйеліме бұ кезде,
Бірер минутқа сырттамын,
Бастай бер деп қоштадым.
Телефонды алып бір жерде,
Қоңырауларды ақтардым.
Досым деп тұрған нөмірге,
Өзіне тікелей бір шалдым.
Қоңыраулық орта желіде,
Кедергіге тап болдым.
Қайта нөмірін тердім де,
Тағы бір рет оқталдым:
"— Алло, досым, не болды?
Хабарластың кеш неге?"
Жауабы болған досымның:
"— Шамаң бар ма келуге?
Мазаңды алдым ренжіме!
Көңілі үшін қызыңның,
Туылған күні кешінде.
Болмаса да құлқыңның,
Қазір келсең тез ерте.
Мұндағы шыққан мәселе,
Біз тексерген кеше түнде.
Жарықсыз анау бөлмеде,
Жоғалып кетті бір мүрде".
Қызым суық түнерді,
Жұмыстан ба бұл деді.
"— Әкешім, жолда аңғарып,
Тездетіп үйге кел" — деді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі