Бұл бетте «Отан туралы өлең» атты Махаева Айым Алтайқызы жазған отан туралы өлең берілген.
Анау таулар, көк пен бел,
Аманат қой өткеннен
Сүймей оны қайтемін!?
Басқа Отан жоқ менде…
Ғажайыптың бәрі бар,
Тәңір нұрын төккен бе?
Өзге тұрақ табылар,
Өзге жұмақ жоқ менде…
Жер жаһанда мекен мың,
Алмастырмас сені ешкім,
Сенсіз атамекенім,
Мен де ешкім емеспін.
Бағым да сен нәр алған,
Тағым сенсің төрдегім,
Он сегіз мың ғаламда
Жалғыз ұям сол менің.
Күнді көріп жотаңнан,
Елжірейді жүрегім,
Менде жалғыз Отан бар,
Мен де Отанда біреумін!
Қазақстан
Аз болғанда жаттаушы едім