Түркістан жылы

Бұл бетте «Түркістан жылы» атты Нұрмахан Назаров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.11.2022
  • 0
  • 0
  • 782
Ай-күнді аптасымен санап жетік,
Жыл сайын артар қуат, сана бекіп.
Біртүрлі қимастықпен, сыйластықпен
2018-де барады өтіп.
Қыдыр жыл, сені қайтып ап қаламыз,
Түркістан жылы ғой,- деп мақтанамыз.
Қалғыған ұлттық намыс, рухты оятып,
Ғаламдық кеңістікке аттанамыз!
Егемен ел болдық та дер кезінде,
Бақ қонып, құт дарыған өлкемізге.
Ежелгі мәртебесін, Елбасымыз
Қайтарды 2018-де.
Күн, Ай мен Жұлдыз куә аспандағы,
Шаhарда шаттық сүйіп асқан бағы.
Түркілік рухани жаңғырудың,
2018-де басталғаны.
Біз жақта жыл мейрамы бүгін нағыз,
Тарихты тереңірек ұғынамыз.
Астана – Алтын Орда, асқақ қала,
Түркістан – рухани құбыламыз.
2018-ге өкпеміз жоқ,
Тер төктік, абыройды төккеміз жоқ.
Ынтымақ туын таптық өзімізден,
Бірлікті көрген жоқпыз көктен іздеп.
Жақсылық жаңалықтар қанша мұнда,
Түркі әлем гүлденудің қарсаңында.
Қош бол сен, Киелі жыл!
Мен қаламын 2019-ды қарсы алуға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түркістан жылы өлеңінің авторы кім?

Нұрмахан Назаров — осы өлеңнің авторы.

Түркістан жылы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түркістан жылы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрмахан Назаров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түркістан жылы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері