Бұл бетте «Жаз жамалы» атты Қалқаман Сарин жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.
Арқаның аңғал ақ самалы есіп,
Жаз дәурен келді бақшама көшіп.
Мөлдір бұлақтар шолпысын тағып,
Балғын құрақтар сәт санап өсіп...
Тап-таза ауаны таңнан сіңіріп,
Көлеңке түссе таудан шұбырып.
Сауығып санам сергіп қаламын,
Салқын бір самал саумал сіміріп.
Бөктерге тұнған бозқара тұман,
Тудырар тағы аз ғана күмән.
Аңсатқан әппақ мезгілдің жыры,
Еседі еркелеп қаз қанатынан.
Күн сәулесінен сәукеле киіп,
Гүл аңқып жатыр әр төбем иіп...
Жанары жәудір жаздың жамалы,
Маңғаз далама мәртебе биік.
Сәнімен бөлек салтанат құрып,
Аңсарым жетті Арқаға аптығып.
Шабындыққа анау шалғы тимеген,
Жатар ма шіркін, шалқалап тұрып.
Сағынтқан сазды сырласы оралып,
Алып аспанның тұлғасы ағарып...
Әуелеп асқақ аққу ұшады,
Ақша бұлттардан ту жасап алып.
Мамырлап маусым мақпал іңірлі,
Кеші де керім қоп-қоңыр үнді.
Мүлгіген түнге мамық төсейін,
Маңайға шашып мақта жырымды.
Мөлдір мекені көл беті қаздың.
Көңілді арбаған келбеті жаздың.
Сарғайып, бір күн кетеді-ау ол да,
Жанымды осылай тербетіп аз күн.
- Азамат Төре
- Стив Джобс
- Леонардо да Винчи
- Нарша Булгакбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі