Сен үшін таңда оянғым келген – Ақбота Бейбітбек

Бұл бетте «Сен үшін таңда оянғым келген» атты Ақбота Бейбітбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • kmm
  • 05.12.2022
  • 0
  • 0
  • 1875
Сен үшін таңда оянғым келген,
Боянғым келген сен үшін,
О, менің ұлы жеңілісiм hәм жеңісім.
Күн болып күліп,
Ай болып қалқып,
Жұлдыздай сосын жайнасам
деген тілегім түс екен қазір ойласам.

Сен үшін кеште билегiм келген,
Сүйрегiм келген үмітті,
О, менің ғазиз махаббатым-ау,
сенімді hәм күдікті.
Кешіріп болдық,
Көсіліп болдық,
Кешігіп болдық, ақталма,
Жақыным болма, жат болма!

Сен үшін қайта жаралғым келген,
Жаңарғым келген сәт сайын,
О, шерлі көңілім, фаруаз мұңым патшайым.
Ақын қыз дедің,
Атың Күз дедің, Көктем ем,
Мезгілінен кеш көктеген...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен үшін таңда оянғым келген өлеңінің авторы кім?

Ақбота Бейбітбек — осы өлеңнің авторы.

Сен үшін таңда оянғым келген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен үшін таңда оянғым келген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақбота Бейбітбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен үшін таңда оянғым келген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері