Бақыттырақсыз
Бұл бетте «Бақыттырақсыз» атты Ерхан Болатұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жарығым сөніп мына түн енді,
Айта алмай іштен тынамын енді.
Өзімнен өзім оңаша қалып,
Ағыл да тегіл жылағым келді.
Жылағым келді қамығып өттім,
Кезігеріне бар үміт еттім,
Себебі оның əкешімменен,
Анамды қатты сағынып кеттім.
Сезесіздер ме сезесіздер ме?
Бар үміт артқан кеше біздерге.
Ата-анаң болса құрмет тұтыңыз,
Ендігі кезек, кезең сіздерде.
Алаң жүректер алаңдасыңыз,
Уақыт маған саған да асығыс,
Əркімге тапқан уақытты қиып,
Бір сəт күлімдеп хабарласыңыз.
Мəңгі көрінген бақыт тұрақсыз,
Келген ажалға уақыт қуатсыз
Жиі көрісіп иіскеп сүйген,
Сіз менен көрі бақыттырақсыз...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі