Қараңғы түн – Әмір Әділет Нұркенұлы

Бұл бетте «Қараңғы түн» атты Әмір Әділет Нұркенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қараңғы түн,
Қараңғыда көріп едім.
Жарқ етіп,
Жарығында білінбедің.
Көз ашып,
Жан-жағыма жалақтасам.
Ілмедім көз,
Жанарыңды көрем дедім.
Жұлар ем,
Жүрегімді қалар ма едің?
Бар байлығым,
Сен үшін, түк деп едім.
Берер едім бүкілін,
Берер едім.
Жаһан кезіп,
Бармысың, іздеп едім.
Іздедім,
Іздеймін таппасам да.
Көрінбедің ақырын,
Көрінбедің…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері