Өлең, жыр, ақындар

Айтайын тыңдасаңыз сезініп(өңделген)

Айтайын тыңдасаңыз сезініп,
Бір әжей мен жолым түсті кезігіп.
Ішіндегі сырын айтар жан таппай,
Отыр екен жалғыз өзі езіліп.

Сұрап едім туған бала-шағасын,
Оның әрбір сөзінен ғибрат аларсың.
Әңгімесін былай бастап берді әже,
Жасқа малып көзден аққан қарасын.

Не боп барады мынау сүрген заманым,
Кейде ойланып жағамды ұстап қаламын.
Қартайғанда көретінім сол ма еді,
Күйігіне бататұғын баланың.

Жалғыз балам деп жүруші ем қызығым,
Сүйген жары болар бөгде қызының.
Өз қызымдай көрем деп ем сүйсініп,
Жылулығы болғаннан соң жүзінің.

Үйленерде біраз іске ептедім,
Ерте жатып кеш тұрса да сөкпедім.
Еркелетіп еркін етіп жүруші ем,
Жалғыз бала келінім ғой деп менің.

Солар үшін бар жиғаным тергенім,
Солар үшін не қиындық көрмедім.
Осылар деп өмірімнің жалғасы,
Қартайғанша тынбадым ғой терледім.

Өйстіп жүріп маған да мін тағылды,
Әлде Құдай қайтарды ма бағымды?
Келінім мен жалғыз балам қарсы боп,
Ортамызда шайтан оты жағылды.

Істеп алғың енді өзіңнің жайыңды,
Қойып ішкің, ішер болсаң шайыңды.
Келін шықты тыныш отыр деп кемпір,
Мазаламай мына менің байымды.

Бұл айқайды балам естіп келмеді,
Мәлім болды жетегіне ергені.
Қарап тұрып үн қатпады селтейіп,
Теріс қарап қолын бір-ақ сермеді.

Басылмаған қызулығы өкпенің,
Балам сеннен өтінерім тек менің.
Төркініме апар мені жеткізіп,
Дұрыс болар қазір менің кеткенім.

Апарам деп отырғызды көлікке,
Жүре берді ыңғай салып ерікке.
Қайда барып,қайда түсір демейді,
Ол әуелі төркінімді көріп пе?

Мазам қашып тоқта дедім жағаға,
Бірер уақыт өтіп кетті арадан.
Қарамастан жүріп кетті тоқтамай,
Қу перзентім мені тастап далаға.

Сездім бірақ қайта айналып келмесін,
Бұдан кейін қалай тағам елге сын.
Іштен шыққан шұбар жылан болған соң,
Айдан анық енді қайта келмесім.

Қара бұлт төбемде кеп қаптады,
Күн күнкіреп жауын кұя бастады.
Естен танып енді құлап жатқанда,
Бір көлік кеп қарайланып тоқтады.

Әжей деген сөзі келеді құлаққа,
Туған балам емес сезем бірақ та.
Қалсам керек естен танып сылқ ете,
Жауап бермей әлгі айтқан сұраққа.

Көзімді аштым өз-өзіме келдім де,
Деп ойландым тап болғанмын мен кімге?
Қасымдағы келіншекпен жігіттің,
Ұйқы қысып отырғанын көрдім де.

Тұрғанымды көрді де олар жаны ашып,
Шай,тамағын беріп жатыр жарасып.
Екеуінің тірлігіне таң қалдым,
Істеп жатыр жағдайыма қарасып.

Бір мен үшін әуре болма шырағым,
Таң да атты енді мен де тұрамын.
Қашан келдім, кіммен келдім бұл жерге?
Қазір қайда жатырмын деп сұрадым.

Қалып еді оңға таяу шамасы,
Сіз тұрған жер ауылмен көк арасы.
Сізді мұнда түнде жолдан алып келдім,
Мен сияқты пенденің деп анасы.

Айтпасын жан адамға сұрап тұрып,
Бар жайды айттым тегіс жылап тұрып.
Анасы жоқ екеуіне ана болып,
Жасадам қалып сонда тұрақтылы.

Қуандым бұл да балам болғанына,
Құдай жар боп, әруақ демеп қолдады ма?
Шақыру қағаз беріп той жасады,
Анамыз жетпіске келіп толғанына.

Дүркіреп той боп жатыр думан далам,
Бір-бірін биге тартып қуған адам.
Той қызық, қызып бәрі жатқан кезде,
Кіріп келді сол тойға туған балам.

Отырды орындыққа қуыстағы,
Басқалар ағайыны туыстары.
Бұл қалай бұл жерге келді десем,
Екеуінің бір екен ғой жұмыстары.

Айтамын деп отыр ем кез келгенде,
Маған кезі келді кеп сөз бергенде.
Сонда да жанға қатты батады екен,
Өзің туған балаңды көз көргенде.

Сезді балам анасы екенімді,
Алғанымды бала қып бөтен ұлды.
Тізерлеп келіп, жылап жалбарынып,
Сәжде қып тәубе етеді етегімді.

Аяладың, әлпештедің бір мені,
Сен кеткелі ісім де алға жүрмеді.
Келінің де он жыл құрсақ көтермей,
Босағадан ешкім аттап кірмеді.

Кешір ана, сенсіз қандай күй кештім,
Сен кеткелі келмей қойды үйге ешкім.
Кешір ана,кешірімшіл едің ғой,
Енді сенің ашуыңа тимеспін.

Бәйге де атым шауып бос қайтпаған,
Жан едім бір сырымды досқа айтпаған.
“Қол да бар да алтынның қадірі жоқ”,
Деген сөзді бұрынғылар босқа айтпаған.

Керегі жоқ алтының да, күмісің де,
Қалады екен белгісіз боп түбі кімде?
Алтыннан да ардақты алдыңдағы,
Сыйла анаңды, құрметте тірісінде.

Анадан еш артық нәрсе болмайды,
Анасыз үй берекеге толмайды.
Тірісінде риза етпесең анаңды,
Өлгеннен соң орны толмас сол қайғы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз