Сәкнім – шерім

Бұл бетте «Сәкнім – шерім» атты Қорғанбек Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.01.2023
  • 0
  • 0
  • 561
Әупілдек көл басында
Әнмен жанын тербеген.
Ажал-құрық қасында,
Азабы жоқ көрмеген.
Ардагері Арқаның,
Ақсұңқары халқының.
Білді заман тарпаңын,
Қалды ішінде талқының.
«Отыз жеті» келді де,
От құйынын үйірді.
Қазып берді көрді де,
Қабақ біткен түйілді.
«Қазақ үшін кер бәлең
Анау қасқа баста» деп,
Әулие Мағжан әуелден
Болжап айтқан тас түнек.
Іштен жегі кемірді.
Кімге сенді?
Кімге ерді?
Қайран ердің ендігі
Қасіретін кім көрді?
Көрде өкіргір Советті
Құдай көрген Сәкен-ай.
Балшабектік белетті
Құран көрген Сәкен-ай!?
Алла-ау, шерім, алданды,
Запыран кек төкпеді-ау.
Құр тұлыпқа малданды,
Жауын біліп кетпеді-ау!
Алжастырған сенімнен
Өтті ме екен айнымай.
Таң шолпанын көгімнен
Адастырған қай құдай?
Арман емес,
Тажалдан
Шер Сәкеннің өлгені.
Сол өкініш, сол арман –
Сұм дұспанға сенгені.
Ақтық демін аларда
Айта алмады-ау қарғысын.
Кетті-ау ақын арманда
Ұшыра алмай зар құсын.
Ойлады ма Алашты,
Ахметі мен Мағжанын.
Қара жүрек қысасты
Қаралаған ақ жанын.
Өкпелесе өмірде,
Тағдыр заңы солай да.
Қимайтұғын өлімге
Азаматын алайда.
Ахаң абыз елуге
Келгенінде жебеген,
Орынбордың төрінде
Қолтығынан демеген.
Сәкен еді-ау, сезіммен
Елден ерек қуанған.
Енді, міне, көзінен
Бұл-бұл ұшқан бұл арман.
Айрылысқан аққудай,
Ақын жаны мұнданып.
Сынды-ау сағы қапыда-ай,
Сыр сандығы тоналып...
...Халқы бірақ перзентін
Қалдырар ма қапада?!
Сәнін бер деп Сәкеннің,
Айналды ақ батаға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәкнім – шерім өлеңінің авторы кім?

Қорғанбек Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Сәкнім – шерім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәкнім – шерім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қорғанбек Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәкнім – шерім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері