Жақсылықты аңсау

Бұл бетте «Жақсылықты аңсау» атты Қорғанбек Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.01.2023
  • 0
  • 0
  • 733
Жақсы адамдар көп әлі сырласпаған,
Кезекті күн есігін бірге ашпаған.
Бір ғажабы, кездескен жақсы ағалар
Туыс маған, дос маған, құрдас маған.
Құрдас олар сәбиге, үлкенге де,
Қырламайды беделін бір көрмеге.
Айқарылған алмауыт кеуделерін –
«Адалдық» деп аталған жыр кернеген.
Тымырсық ой тәлкегін кім көрмеген?
Оның ойы бұлтпенен бүркелмеген.
Дала болып көсілген ақ көңілін –
«Дарқандық» деп аталған жыр кернеген.
Ұсақ тірлік маңында күн көрмеген,
Жақсы жандар шоқ жұлдыз – Үркер деген.
Шынайылық көксеген жүрегін де –
«Шыншылдық» деп аталған жыр кернеген.
Сырлассам деп жанмен сол сырласпаған,
Шығам үйден күн сайын жырлап санам.
Шығам үйден күн сайын оймен ізгі –
Кездессе деп тағы да бір жақсы адам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсылықты аңсау өлеңінің авторы кім?

Қорғанбек Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Жақсылықты аңсау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақсылықты аңсау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қорғанбек Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсылықты аңсау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері