Бата – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бата» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 698
Сүйікті баланын бірі едің,
Бақшамда дара өскен гүл едің.
Қарағым қадамына арнаған
Қабыл ал аналық тілегім.
Ақ отауын құтты болсын,
Кетпес ырыс, бақыт қонсын.
Ақ шуақ іші береке – бірлік
Шаттыққа толсын.
Бақытта жүз қалқам, балықтай,
Гүлдендір ұяңды жалықпай.
Қабағың бұлт көрмей ғұмырың,
Шат болсын маздаған жарықтай.
Ақ отауың құтты болсын.
Кетпес ырыс, бақыт қонсын.
Қуаныш іші,
Сәбилер шуы,
Күлкіге толсын.
Өмірде не түрлі бар жандар,
Дүниеге пәнда боп қалмаңдар.
Ар құлы болыңдар аймағың
Сендердей болуды армандар.
Отауларын құтты болсын,
Кетпес ырыс, бақыт қонсын.
Көгершін сынды
Жұптарың мәңгі
Жазылмас болсын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бата өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Бата өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бата өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бата өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері