Шұғылалы нұрға бөлеп ақпанның
Бұл бетте «Шұғылалы нұрға бөлеп ақпанның» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шұғылалы нұрға бөлеп ақпанның,
Мұз үстінде сарқыларын төзімнің,
Оттан ыстық болатынын ақ қардың,
Қыста жылы болатынын сезімнің...
Тоң жүргенмен қалмайтынын жер тоңып,
Жалын болып шарпитынын ызғардың,
Ақ боранда махаббатқа өртеніп,
Аяз сорса, лаулайтынын қыздардың...
Дауыл тұрса, ерлейтінін еменнің,
Үскірікте терлейтінін бастаудың,
Жаның тоңса, жанатынын өлеңнің,
Тағдырды айтсаң, балқитынын тастардың...
Сана барда болмайтынын бір ұғым,
Қап-қараңғы еместігін көрдің де,
Бес-ақ күнге сұрап алған ғұмырың,
Кететінін бір сұлудың ернінде...
Кім білген?!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі