Бұл теңізде ескегі жоқ қайықтың
Бұл бетте «Бұл теңізде ескегі жоқ қайықтың» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл теңізде ескегі жоқ қайықтың,
Қайықшы өлген байламы ірі, байыпты.
Кәрі маяк, капитансыз кемелер,
Тозған порттар, ескі бағыт, көне жол.
Адасқандар, күдік, күмән, қорқулар,
Қақпақылдап ойнайтын тек толқындар.
Жолаушылар сапарынан кешіккен,
Қарақшылар өздеріне өшіккен.
Саудасы жоқ саудагерлер қаптаған,
Балшараптар ғасыр бойы сақтаған.
Титаниктің қазылмаған қаңқасы,
Өшкіндеген Колумбтың картасы.
Шарапхана, құмархана, ханалар...
Құмай көздер, сылқым қыздар тәні адал.
Бұл теңізде ештеңе жоқ, жоқ бұлар,
Жағалауы жүдеу, алды көк мұнар.
Ескегі жоқ қайықтардың білері,
Жағалауға мүрде тасып жүреді.
Кемелерде керілмеген желкені,
Басталмаған сапарлардың ертеңі.
Бұл теңізде ескегі жоқ қайықтың!...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі