Он сегізім – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Он сегізім» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 896
Он сегізім...
Жалғасы деп жыршының,
Жүрегімен сүйді әппақ.
Кешіп өтіп мөлдіреген гүл шығын,
Құлағаным құй батпақ.
Аманаты таудан ауыр бақшада,
Жолдан тайып тасыдым.
Жібімеуші ем жұлдыз ағып жатса да,
Қарашығым жасыды.
Сейілте алмақ биік шыңның бұлтын кім?
Анталаған жат пиғыл.
Іргемдегі қарашұбар сылқымның,
Жолын кеспей ақ құйдым...
Ібілістің өсиетін ұмытпа,
Ұмытуда бар кесел.
Қауға салып қырық құлаш құдыққа,
Жаудырамын ақ нөсер...
Тарихыма тағзым жасап тас үйдім,
Тегімді іздеп безінген.
Мұз үстінде Тәңіріме бас идім,
Жаратылған өзімнен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері