Самырсынның отынына пештегі – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Самырсынның отынына пештегі» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 663
Самырсынның отынына пештегі,
Көп жылындым,
Кейінгі өмір кеш мені.
Арманымның жалауындай жанғаны,
Үмітімнің білтесіндей өшкені.
Алыс отар...
Ескі қыстау...
Нағыз мән...
Бықсығаны көзімнен жас ағызған.
Бір тауқымет кеңсірігімді ашытып,
Жылап жүрген жоқпын ба осы бағзыдан?!
Мынау оттың иісін-ай,
Шайыр дәм,
Шалқып шыққан моржасынан байырғы ән.
Ей, ертек күн,
Айтшы қане мені кім,
Сенің ыстық құшағыңнан айырған?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері