Ақбастаудың тұмасындай шымырлап – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Ақбастаудың тұмасындай шымырлап» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 940
Ақбастаудың тұмасындай шымырлап,
Тамырымнан қайнап шығып мың ырғақ.
Жыр оқыдым жапырақтың тілінде,
Қоңыр түннің құлағына сыбырлап.
Тыңдады ма?
Тұра берді ол үнсіз,
Ақтерек те көп күрсінді көңілсіз.
Ары аунады тостыма төзе алмай,
Ай жымиып қарады да болымсыз.
Ертеңіме жасай алмай нақ кесім,
 
Көп ішіппін...
Шықты білем қатты есім.
Айға қарап ақын түсті есіме,
Аймалаған ақырғы рет ақ төсін.
Айға қарап арылмаспын, әй, мұңнан,
Пері едім ғой шаттығым да,
Қайғым да ән.
Жағасында күттім ұзақ өзімді,
Айды сүйіп ақын батқан айдыннан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері