Көктем маған қыста келген – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Көктем маған қыста келген» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 16.01.2023
  • 0
  • 0
  • 976
Көктем маған қыста келген,
Жазға тағы жүзім жат.
Жырларымды құсқа берген,
Күбірлейді күз ұрлап.
Алды алдамшы, арты уайым,
Түбі бәрі кірлейді.
Ауылдағы жалқы қайың,
Жүдеп, күтіп тұр дейді.
Даласынан сері кеткен,
Ескі түнде түсі әппақ.
Шашын жайып пері көктем,
Көп жылапты құшақтап.
Бақсы біткен бір тойлапты,
 
Мырза мұрты майланып.
Көсе жырау бұлт айдапты,
Қалпағына ай қонып...
Күй толғапты...
Көңіл қаңғып,
Сабыр, тағат таусылған.
Құшағымда өмір қалғып,
Селт етемін даусымнан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері