Жаныма іңкәр пері қыздай ай тамақ

Бұл бетте «Жаныма іңкәр пері қыздай ай тамақ» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.01.2023
  • 0
  • 0
  • 699
Жаныма іңкәр пері қыздай ай тамақ,
Өлең – тағдыр,
Тағдыр бірақ сайқал-ақ.
Жазбен қыстай өрнектедік ғұмырды,
Тағдыр мені...
Мен өлеңді қайталап.
Бірі өмірді аңыз етіп жазады,
Ал бірінің мен тартамын азабын.
Күлкі бояу, күбір-күбір әңгіме,
Тағдыр менің,
Өлең елдің мазағы.
Жалқы жұлдыз жегідей жеп жанымды,
Құс жолына құлаш ұрып сабылдым.
Бірі тасты жарып шыққан тамырлы,
Бірі ертеңді бағындырар әмірлі...
 
Құлагерді жетекке алып ноқталы,
Құба белге бұрын да бір тоқтадым.
Мынау менің айтып алған ариям,
Мынау менің жүріп өткен соқпағым.
Өлең – тағдыр...
Соның жүгін көтердім,
Кешегідей...
Бүгініме бөтенмін.
Бұл өлеңді жазып алғам...
Тәйірі,
Бұл өмірді сүріп алған екенмін!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаныма іңкәр пері қыздай ай тамақ өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Жаныма іңкәр пері қыздай ай тамақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаныма іңкәр пері қыздай ай тамақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаныма іңкәр пері қыздай ай тамақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері