Ақырғы жүздесу – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Ақырғы жүздесу» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2023
  • 0
  • 0
  • 662
Жүрек қаным деп білген жырды нағыз,
Сұңғыламыз...
Қалдырған мың бір аңыз.
Кілең жампоз жиналған керім кеште,
“Өлем” деді тосаттан Нұрдын абыз.
“Өлем” деді,
Қолында күміс шара,
Сары қымыз шайқалды...
Ырыс, нала...
“Осы кештен қалмаймын, кетем”, – деді,
Қош деместен ел-жұртқа, туысқа да.
Шара толы қымызын тартып алып,
Жыр толғады абызым шалқып анық.
Ақ жүзімді күйдіріп бара жатты,
Жанарымнан қорғасын балқып ағып.
Қимай қарап,
Қиналып досы тұрды,
Күңіреніп күй кешіп қосы сырлы.
Үзілмесе арқауы ұлы жырдың,
Өтпесе деп тіледік осы түнді.
Таң атыпты...
Жеңілдеп жебір қайғы,
Тарап жаттық қондырып көңілге айды.
Қайран абыз қапия тірі қалып,
Айтпайтын болды кейін өлім жайлы!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақырғы жүздесу өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Ақырғы жүздесу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақырғы жүздесу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақырғы жүздесу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері