Өлең, жыр, ақындар

Ана үні (баланың тілегі)

  • 21.12.2015
  • 0
  • 2
  • 18260
Жылы екенін сезгем осы үннің мен,
Сенің үнің, ана, мейірім білдірген.
Тербеткенде әлди айтып сол үнмен,
Бесігімде-ақ, ана, сонда күн күлген.

Сол бір үннен өмір сырын ұға алдым,
Содан білдім табиғатын жыр-әннін.
Оянсам да сол дауысты іздеппін,
Жыласам да сол үнді естіп жұбандым.

Неткен ғажап мейірім толы үн еді,
Сол мейірімнен жаным әр кез түледі.
Сол мейірімнен қуат алып жүрегім,
Ысырылды жамандықтың түнегі.

Жүрекке нәр құйып шәрбат көңілің,
Жақсы істерге жетелейді сенімің.
Айналаны мейірімге, ана, бөлей бер,
Перзенттерге үзілмесін сол үнің.

Қандай жақсы құлақта ән боп тұрғаны,
Көңілде әр кез сол мейірімнің тұр бағы.
Сол дауысқа жетпейді, ана, бар елдің
Бар байлығы, бар жауһары, күллі әні.

Сол бір үнмен жаным түлеп көктеген
Өсіп келем, жақсы болсам деп келем.
Түн ұйқыңды сан бөлгізіп өткерген
Еңбегіңді ақтауға, ана, серт берем.

Жақсылыққа болып әр кез толы күн,
Үзілмесін, ортаймасын сол үнің.
Ана еңбегін ақтайсың ба деп алда,
Күтуде, ана, бізді өмірдің жолы мың.



Пікірлер (2)

Аселя

Маған қатты ұнады

Марина

Ғабиден Қожахметтің "Ана үні (баланың тілегі)" өлеңін оқып, ерекше әсер алдым. Ана мен бала арасындағы ыстық байланысты, баланың пәк тілегін соншалықты нәзік жеткізіпті. Өлеңнің әр жолынан мейірім мен махаббаттың жылуы сезіліп тұр. Баланың анасына деген шексіз сүйіспеншілігі мен ризашылығы жүректі елжіреті. Әсіресе, қазақтың дәстүрлі тәрбиесі мен отбасы құндылықтарын дөп басып көрсетуі – өлеңнің басты құндылығы деп ойлаймын.

Пікір қалдырыңыз

Отыз жыл болды ұядан ұшқан күнге

  • 1
  • 2

Отыз дейтін шамшырағы тұр өрде,
Дегендей-ақ өткен жолды түгенде.
Кеше олар іні болып еді баршаға,
Өздері енді аға боп жүр біреуге.

Толық

Білімділер

  • 0
  • 0

Жоққа бәрін шығармай бұрынғының
Жаңалығын ап келді бүгінгі күн.
Соны игерер ұл-қызға дана қазақ
Күні жарық деп кеткен білімдінің.

Толық

Өкпелесіп қалып еді қос ғашық...

  • 0
  • 0

Бір-бірімен жан-дүниесі астасып,
Шын сезіммен жүрген еді достасып.
Көз тиді ме, тіл тиді ме, білмедік,
Өкпелесіп қалды бүгін қос ғашық.

Толық