Бексұлтан ағама! – Серік Ашимович

Бұл бетте «Бексұлтан ағама!» атты Серік Ашимович жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жас жігіт әнші атанған,
Жұмаққа ағам аттанған.
Есіме алсам ағамды,
Мөлдіреп, көзден жас тамған.

Есіме алсам ағамды,
Санамда жетпей барады.
Құшақтап келіп қалардай,
Жүрегім соғып тұрады.

Самал жел соқса алыстан,
Ағамның иісі аңқыған.
Сағынып сіздің әндерді,
Тыңдасам маған дем берді.

Күлімдеп тұрдың жан аға,
Інімдеп тұрдың жан аға
Айтарым бар барларға ,
Жармаспаңдар жағаға
Мынау бір тар заманда.

Жи берді бір ой санамды,
Сағынам тағы ағамды
Жібітер ойды санамды
Тыңдасам тағы сол әнді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері